Білім күнінде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Қайнарлы ауылында шағын орталығы бар, 50 орынға арналған жаңа заманауи мектеп пайдалануға берілді.
Жаңа білім ошағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары және облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауы аясында бой көтерді.
Мектеп заманауи оқу құрал-жабдықтарымен толық қамтамасыз етіліп, оқушыларға сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасалған.
Бұл – Шығыс Қазақстанда соңғы үш жылда салынған үшінші жаңа мектеп. Бұған дейін Игілік ауылында жаңа білім ордасы ашылған болатын. Ал жыл соңына дейін Төсқайың ауылында тағы бір жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.
Жаңа мектептердің салынуы, әсіресе шекаралас елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, балалардың сапалы білім алуына және тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1284151?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау