Мектеп табалдырығынан – қауіпсіз болашаққа

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мектеп табалдырығынан – қауіпсіз болашаққа 

Білім күні Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасарлары, полиция полковниктері Эльдар Қарсақбаев пен Руфат Қажымқанов Өскемен қаласының №47 және №39 мектептеріне барып, жаңа оқу жылының басталуына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.

Бұл күн бірінші сынып оқушылары үшін ерекше толқуға толы болды – олар мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, ұстаздарымен танысып, мектеп өміріндегі алғашқы қадамдарын жасады.

Тәртіп сақшылары бүлдіршіндерді осы маңызды оқиғамен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар – түрлі-түсті көркем бояу кітаптарын тарту етті.

Кездесу ашық диалог форматында жалғасты. Оқушылармен қауіпсіздік, жол жүрісі қағидалары және заңды білу мен сақтаудың маңыздылығы туралы әңгіме өрбіді. Сонымен қатар жасөспірімдер жастайынан полиция мамандығымен танысып, жауапты әрі тәртіпті болуға үйренетін «Жас сақшы» полиция сыныптарына ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, Департамент басшылары мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуымен және «Жас сақшы» сыныптарының қызметімен танысты.

Басты мақсат – балалар мектептің алғашқы күндерінен бастап полицияның тек қатаң форма мен ережелер ғана емес, ең алдымен көмек, кеңес пен қолдау сұрап келе алатын сенімді тірек екенін түсінуі тиіс.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1284070?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version