«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды!
Бүгін, 19 тамыз 2026 жылы Сырым ауданында мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, озық тәжірибесін насихаттауға бағытталған «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқауға ауданның 5 мектепке дейінгі ұйымының әдіскері қатысып, өздерінің кәсіби жетістіктері мен әдістемелік тәжірибелерін ортаға салды.
Байқау 2 кезең бойынша ұйымдастырылды:
І кезең – әдіскердің Е-портфолиосы және бір жылға арналған әдістемелік жұмыс жоспарын бағалау;
ІІ кезең – әдістемелік жұмыс жоспарын заманауи технологияларды кіріктіре отырып қорғау.
Қазылар алқасы бекітілген бағалау критерийлері негізінде қатысушылардың жұмыстарын әділ бағалап, байқау қорытындысын шығарды.
Бас жүлде – Избулатова Гулнар Наурызғалиевна, Ж.Досмұхамедов атындағы МББК әдіскері;
І орын – Нахметова Аққу Махсотовна, «Айналайын» бөбекжай-бақшасының әдіскері;
ІІ орын – Мендалина Айгүл Төлегеновна, А.Жұмағалиев атындағы МББК әдіскері;
ІІІ орын – Бахтыгазиева Сымбат Мәметовна, Бұлан МББК әдіскері;
ІІІ орын – Габдушева Ұлпан Қабдоллақызы, М.Қаналиев атындағы МББК әдіскері.
Барлық қатысушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Бас жүлде иегері Избулатова Гулнар Наурызғалиевнаға байқаудың облыстық кезеңінде ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетуіне тілектеспіз!
МДҰ әдіскері А.Махсотова
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының аудандық кезеңі қорытындыланды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1284260?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау