Жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
Осы бағытта Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Г. Биялиева Ақтау қаласындағы №19 гимназияның 1, 3 және 5-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шараға «Жас жол инспекторлары» да қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшеде және үйде қауіпсіз жүріп-тұру, әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ түрлі қауіп-қатерлерден сақтану жөнінде маңызды ақпараттар түсіндірілді.
Балаларға қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде сақтаудың маңыздылығы түсіндіріліп, полиция қызметкерлері оқушыларды жолда мұқият болуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Қауіпсіздік ережесін сақтау – өзіңді және жақындарыңды қорғаудың ең дұрыс жолы!
https://www.instagram.com/reel/Dcx_z7FMsDg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1284430?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау