2026 жылғы 2 қыркүйекте «112 операторының пультіне Павлодар қаласындағы Н. Назарбаев даңғылында тұратын қарт әйелге көмек көрсету қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция қызметкерлері мен көршілердің қатысуымен құтқарушылар жылжымалы баспалдақтың көмегімен үшінші қабатқа көтерілді. Арнайы құралдармен терезені ашып, пәтер ішіне кірді.
Құтқарушылар пәтерден еденде жатқан, есі анық қарт әйелді тапты. Қала тұрғынына алғашқы көмек көрсеткеннен кейін, оны оқиға орнына келген 103 жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1284591?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау