ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ХАБАРЛАЙДЫ Арыс қалалық мәслихатының депутаттары мен Арыс қаласы тұрғындарының назарына

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚАЛАЛЫҚ  МӘСЛИХАТ  ХАБАРЛАЙДЫ

Арыс қалалық мәслихатының  депутаттары мен

Арыс қаласы тұрғындарының назарына

 

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 10 бабына  сәйкес, Сiздердi Арыс қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезектi сессиясы 2026 жылдың  қыркүйек айының   25 жұлдызында  сағат            11-00 де   Арыс қаласы Әл-Фараби көшесi №3 үй мекен жайында, үлкен мәжiлiс залында өтетiндiгi туралы хабардар етемiн.

          Қалалық мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының бiрiккен отырысы

2026 жылдың  қыркүйек айының 24 жұлдызында сағат 15-00 де  қалалық мәслихатта  өтедi.

         Арыс қалалық мәслихатының  кезектi сессиясының күн тәртiбiнде қаралатын негiзгi мәселелер:

  1. Қала әкiмiнiң өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындау

жөнiндегi есебi туралы.

  1. 2026-2027 жылғы қысқа дайындық жұмысы бойынша қала әкiмдiгiнiң

есебi туралы.

  1. Арыс қаласы ауыл округтері әкiмдерінiң 2025 жылы атқарған

жұмыстары  бойынша есептері туралы.

4.Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылы  атқарған  жұмыстарының есебi туралы.

  1. Арыс қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2025 жылы атқарған  жұмыстарының есебi туралы.
  2. Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебi туралы.

         Сессия қарауына келiп түсуiне қарай өзге де мәселелер енгiзiлуi мүмкiн.

         Қосымша мәселелер 2026 жылдың қыркүйек айының 16 жұлдызына дейiн қабылданады.

                           

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/arys-maslihat/press/news/details/1284508?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version