Қауіпсіздік пен отбасылық құндылықтар талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылындағы №10 өрт сөндіру бөлімінде қызметкерлер арасында жол қауіпсіздігі, жол жүру ережелерін сақтау және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыптарында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында жол патрульдік полиция инспекторы, полиция капитаны Атабек Рауан қызметтік көлікті қауіпсіз басқару, жол қозғалысы талаптарын сақтау және жаңартылған жол белгілерін дұрыс қолдану жөнінде түсіндірме жүргізді. Сонымен қатар, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу орталығының заңгері Есіркепов Нұрлан отбасындағы өзара сыйластық, жауапкершілік және жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында қызметкерлер өзара пікір алмасып, құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік мәдениетін арттыру мәселелерін талқылады.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1284565?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version