Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторы» РММ-не барып, мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторы» РММ-не барып, мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлерге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметі, сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) негізгі бағыттары мен атқаратын рөлі түсіндірілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер, олардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласына ықпалы және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етудегі жаңа тәсілдер туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, адам құқықтарын сақтау, заң талаптарын орындау және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284378?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version