2026 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің маманы Н. Мырзабай Adilet TV арнасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адам құқықтарын қорғау тетіктері туралы халықты ақпараттандыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, азаматтардың өз құқықтарын білуі, заң талаптарын сақтау және құқық бұзылған жағдайда оларды қорғаудың қолданыстағы тетіктерін тиімді пайдалану маңыздылығына назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284305?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау