2026 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Балауса» №11 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, мекеме қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары, оларды қорғау тетіктері жөнінде құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) мақсаты мен қызметі, оның адам құқықтарын қорғаудағы маңызы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы құқықтық талаптар туралы ақпарат берілді.
Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адам қадір-қасиетін құрметтеу және құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284226?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау