Қонаев гарнизонында алты сарбазға он тәулік демалыс берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

32363 әскери бөлімінде әскери-есептік мамандықты меңгеруде жоғары нәтиже көрсеткен алты мерзімді әскери қызметшіге он тәуліктен демалыс берілді.
Бұл – әскерге жаңа барған сарбаздардың тәртіптілігі, нормативтерді ойдағыдай орындағаны және кәсіби дағдыларын жетілдіруге деген ұмтылысы үшін берілген лайықты марапат.
Демалыс алғандардың қатарында гвардия қатардағы жауынгері Байжан Жүнісов те бар. Демалысын ол туған-туыстарының ортасында өткізуді жоспарлап отыр.
– Дайындық қарқынды өтті. Теорияны оқып, практикалық дағдыларды пысықтадық. Шапшаң әрі ұйымшыл әрекет етуді үйрендік. Қазір ең алдымен жақындарымды көріп, отбасыммен бірге уақыт өткізгім келеді. Қызметке оралған соң, жаңа күш-жігермен әскери міндетімді жалғастырамын, – деді сарбаз.
Байжанның айтуынша, бұл марапат оған қызметін абыроймен аяқтап, жоғары оқу орнына түсу үшін қажетті сертификат алуға деген ынтасын арттырған.
Дайындық барысында мерзімді қызметтегі сарбаздар әскери-есептік мамандықты меңгеріп, практикалық дағдыларын жетілдіріп, бөлімшемен бірге әрекет етуді үйренеді. Үздік нәтиже көрсеткен сарбаздарды қолбасшылық марапаттап, әскери қызметшілерді жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандырады.
Алты сарбазға берілген он күндік демалыс жақындарымен қауышып, күш жинап, жақсы көңіл-күймен әскери қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1284491?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version