ҚР Елшісі Словакия ұлттық көтерілісіне қатысушылардың рухына тағзым етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

27-29 тамыз аралығында Словакия ұлттық көтерілісінің 82 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Елшісі Жанна Сагинова еске алу іс-шараларына қатысып, Зволен, Братислава және Банска-Быстрица қалаларындағы мемориалдарға гүл шоқтарын қойды.

1944 жылғы 29 тамызда басталған Словакия ұлттық көтерілісі нацизмге қарсы күрестің маңызды символдарының біріне айналды. Көтеріліс антифашистік қозғалыста елеулі рөл атқарып, Словакияның кейінгі азат етілуіне айтарлықтай үлес қосты.

Словакия ұлттық көтерілісінің жыл сайынғы мерейтойы мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпус өкілдерінің, қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың басын қосып, елдің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында күрескен қаһармандардың рухына тағзым етуге мүмкіндік береді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1284287?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version