Әлеуметтік желілерде құрылысы аяқталмаған «Terra Nova», «Rich House», «Ақбосаға», «Мұнара», «Ramazan», «Aqtas Hills» тұрғын үйлерінен пәтер сату фактілері анықталды.
Осыған байланысты, Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тұрғын үй салушы мекемелерге Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес рұқсаты болмағанына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы бойынша шара қолданылғанын хабарлайды.
Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушының қажетті рұқсаттары мен құжаттарының заң талаптарына сәйкестігін міндетті түрде тексеріңіз!
Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы одан әрі үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ тұрғын үйлерді жарнамалаған тұлғаларға қолданыстағы Заңға сәйкес шара қолданатынын хабарлайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-str/press/news/details/1284582?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау