Құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешендеріне қатысты маңызды ескерту!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерде құрылысы аяқталмаған «Centrium», «SK Towers», «Ырыс», «Batys Park», «Noya», «ESG Plaza», «Taras» тұрғын үйлерінен пәтер сату фактілері анықталды.
Осыған байланысты, Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тұрғын үй салушы мекемелерге Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес рұқсаты болмағанына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабы бойынша шара қолданылғанын хабарлайды.
 Азаматтардан құрылыс салушының үлескерлердің қаражатын тартуға және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсаты болмаса, пәтер сатып алмауды сұраймыз.
Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушының қажетті рұқсаттары мен құжаттарының заң талаптарына сәйкестігін міндетті түрде тексеріңіз!
Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы одан әрі үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ тұрғын үйлерді жарнамалаған тұлғаларға қолданыстағы Заңға сәйкес шара қолданатынын хабарлайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-str/press/news/details/1284574?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version