Петропавлда полицейлер қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істеуге құқығы жоқ екі шетелдік азаматты анықтады.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді. Негізгі назар базарларға, дәмханаларға, құрылыс нысандарына және шетел азаматтары болуы мүмкін басқа да орындарға аударылады.
Қоғамдық тамақтану орындарының бірінде Өзбекстан азаматы ас үйде де, сауда орнында да жұмыс істеген. Оның Қазақстан Республикасында еңбек етуге рұқсаты болмаған. Ал аталған нысанда аспаз болып оның отандасы жұмыс істеген. Ол тек жеке тұлғаға жұмысқа орналасуға құқылы болған. Шетелдік азаматтар да, оларды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1236 шетелдік және 593 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 308 шетелдік заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін, тағы 85 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімдері бойынша 52 шетелдік Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.
Полиция қызметкерлері еске салады: шетел азаматтары белгіленген болу және еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібін сақтауы тиіс. Ал жұмыс берушілер шетелдіктерді заңда көзделген негіздер болған жағдайда ғана жұмысқа қабылдауы қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1284602?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау