ШТАТТЫҢ ҚЫСҚАРУЫ: ЖҰМЫСКЕРГЕ ҚАНДАЙ ТӨЛЕМДЕР ТӨЛЕНЕДІ?

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін. Бұл ретте заңнамада жұмыскер үшін белгілі бір кепілдіктер мен төлемдер көзделген.
 
Жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемі
Жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған кезде жұмыс беруші жұмыскерге бір айдағы орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін төлеуге міндетті.
 
Бұл ретте еңбек, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде өтемақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 131-бабы.
 
Жалақы
Жұмыскерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін жалақы және оған тиесілі өзге де сомалар төленуге тиіс.
 
Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы
Егер жұмыстан босатылған күні жұмыскердің жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері болса, сол күндер үшін орташа жалақы есебінен өтемақы төлемі жүргізіледі.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96-бабы.
 
Есеп айырысу қашан жүргізілуі тиіс?
Жұмыскерге тиесілі барлық сомалар еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс.
 
Төлем мерзімі бұзылған жағдайда жұмыс беруші жұмыскерге берешекті және төлем кешіктірілген кезең үшін өсімпұлды төлеуге міндетті.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабы.
 
Маңызды: штат қысқартылған кезде, егер еңбек немесе ұжымдық шартта неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.
 
Өз еңбек құқықтарыңызды біліңіз!
 
Еңбек заңнамасының сақталуына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жүгінуге құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1284197?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version