2026 жылғы 21 тамызда Шымкент қаласында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің маманы Н. Мырзабай және «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі Қ. Серікбайдың қатысуымен қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттауға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және адам құқықтарын қорғау тетіктері туралы ақпараттандыруға бағытталды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылды.
Әр азамат өз құқығын біліп, заң талаптарын сақтаған кезде ғана әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1284265?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау