Денисов ауданы прокуратурасының қабылдаған шараларының нәтижесінде Глебовка ауылы тұрғындары үшін ауыз судың құны 45 еседен астам төмендетілді – бір текше метр үшін 5 520,59 теңгеден 116 теңгеге дейін.
Бұған дейін жоғары тариф ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілеріне елеулі қаржылық салмақ түсірген.
Бұл ретте заңнамада ауыз судың құнын субсидиялау көзделген, алайда Глебовка ауылындағы сумен жабдықтау қызметтерінің тарифін төмендету бойынша уақтылы шаралар қабылданбаған.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде Глебовка ауылындағы ауыз су тарифі субсидияланатын тарифтер тізбесіне енгізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауылдың 430 тұрғынының, оның ішінде 21 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды.
Тарифтің төмендетілуі халық пен бизнестің шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік беріп, өмірлік маңызы бар ресурсты барынша қолжетімді етеді.
Прокуратура халықтың құқықтарын қорғау және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қостанай облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1284366?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау