ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Айыртау ауданындағы құрылыс кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
2017 жылы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыру аясында «Akcent KZ» ЖШС-мен «Сырымбет» кен орнына дейін ішкі алаңдағы жол тармақтары мен инженерлік желілері бар теміржол кірме жолын салу жөнінде шарт жасасқан.
«Сырымбет» кен орнының өңір үшін стратегиялық маңызы бар. Ол — Қазақстандағы жалғыз әрі Орталық Азиядағы ең ірі қалайы кен орны.
Мемлекеттік сатып алудың жалпы құны 1,4 млрд теңгені құрады.
Бастапқыда құрылыс 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған, алайда жобаны іске асыру мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Соған қарамастан, нысан құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған.
Нәтижесінде іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың құны 380 млн теңгені құрады.
Іс бойынша мердігер ұйымның басшысы және Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бұрынғы басшысы күдікті деп танылды.
Сот санкциясымен 3 пәтер мен автотұрақ орнына тыйым салынды.
Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/1284077?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау