ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ – ЖАҢА ИДЕЯЛАРҒА ЖОЛ АШАДЫ
Педагогтердің облыстық тамыз конференциясы аясында тәжірибе алмасу алаңында әріптестер өздерінің озық тәжірибелерімен, авторлық жұмыстарымен және заманауи білім беру бағытындағы тың бастамаларымен бөлісті.
Алаң барысында “Балдырған” балабақшасының робототехника педагогы Ж.Меңдешұлының авторлық «Aibarys» роботтық техника платформасы таныстырылды. Платформаның негізгі тақырыбы – «Aibarys: мектепке дейінгі жаста еңбекке баулу мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы роботтық техника және ЖИ мүмкіндіктері».
Платформа мектепке дейінгі жастағы балалардың еңбекке қызығушылығын арттыруға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, роботтық техника мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған.
Заманауи технологияларды тиімді пайдалану бағытындағы тәжірибелер қатарында В.Шубин атындағы ЖОББМ директоры Р.Ихсанованың «Жасанды интеллект арқылы мектептегі буллингтің алдын алу» бағыты бойынша әзірленген «SafeClass AI» авторлық мобильді қосымшасы да таныстырылды. 📱
Қосымша оқушыларға қиын жағдай туралы анонимді түрде хабарлауға, жасанды интеллект көмегімен жағдайды алдын ала талдауға және мектеп маманымен қауіпсіз байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Авторлық жұмыс мектептегі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға, буллингті ерте анықтауға және оқушыға дер кезінде қолдау көрсетуге бағытталған.
🌱 Ал білім берудегі экологиялық бағытты қамтыған М.Каналиев атындағы МББК “Экоқорғаушылар” тобының жетекшісі Н.Джумағазиевтың «Табиғатпен үндес тәрбие» жобасы балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Осылайша, тәжірибе алмасу алаңында роботтық техника мен жасанды интеллект мүмкіндіктерінен бастап, бала қауіпсіздігі мен экологиялық тәрбиеге дейінгі маңызды бағыттарды қамтитын тың авторлық жұмыстар ұсынылды.
Өз тәжірибелерімен бөлісіп, тың идеяларын ортаға салған әріптестеріміздің шығармашылық ізденістеріне толағай табыс, жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз!
Тәжірибе алмасу – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1284391?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау