Талас ауданының прокуратурасы кәсіпкерлер алдындағы 300 млн теңге берешекті өтеуді қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талас ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

2024–2025 жылдары аудандық көпбейінді орталық аурухана 306 кәсіпкерлік субъектісімен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасағаны анықталды.

Бұл ретте, кәсіпкерлер шарттық міндеттемелерді тиісінше орындағанына қарамастан, жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін уақтылы қаражат төлемеу фактілеріне жол берілген.

Мысалы, 2025 жылғы 14 қазанда орталық аурухана жеке кәсіпкермен 1,8 млн теңгеге  тауар жеткізуге шарт жасаған.

Кәсіпкер міндеттемелерді толық көлемде орындап, бұл қабылдау-тапсыру актісімен расталған. Алайда жеткізілген тауар үшін белгіленген мерзімде төлем жүргізілмеген.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша бұзушылықтар жойылды.

Қазіргі таңда 306 кәсіпкерлік субъектісі алдындағы жалпы сомасы 300 млн теңге берешекті өтеу қамтамасыз етілді. Қалған берешекті өтеу белгіленген төлем кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда.   Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

                                                                                                              Жамбыл облысыныңпрокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1284219?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version