ТАЛСУАТТА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТАЛСУАТТА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылдың 2 қыркүйегінде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету негізінде Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінде «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді.
Әлеуметтік акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және халыққа тегін заң көмегін көрсету.
Акция барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша еліміздің заң қоғамдастығының білікті өкілдерінен тегін консультация алуға мүмкіндік алды. Іс-шараға Әділет органдарының сала мамандары, нотариустар, сот орындаушылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысып, азаматтардың құқықтық мәселелері бойынша кеңес берді. Тұрғындар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша мамандарға тікелей жүгінді. Мемлекеттік орган өкілдері азаматтардың көкейтесті сауалдарына толық жауап беріп, заң көмегін көрсетті.
#заңментәртіп #адалазамат #заңбәрінеортақ #заңүстемдігі #жауапкершілік

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1284417?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version