Тазалықты күзеткен камералар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бейнебақылау камералары павлодарлықтардың тазалық сақтауына көмектесуде. Жыл басынан бері Жедел басқару орталығының камераларының көмегімен 10 634 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Олардың басым бөлігі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне қатысты құқық бұзушылықтар.
– Өңірдегі тәртіпті сақтауға саналы азаматтармен қатар заманауи
технологиялар да өз үлесін қосуда. Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары абаттандыру талаптарын елемейтін азаматтарды күн сайын анықтап, тіркеп отырады, — деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
Жақында камера объективіне көп кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі түсіп қалған. Бір азамат шемішке шағып отырып, қабықтарын арнайы қоқыс жәшігіне апарып тастауға ерініп, оны тікелей жерге шашып кеткен. Нәтижесінде қоғамдық орындарды ластағаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер ұсақ бұзақылықтың мыңдаған фактісінің жолын кесті. Мұндай әрбір құқық бұзушылық — жай ғана жерде қалған қоқыс емес, қоғамдық тәртіп пен қала тұрғындарының жайлылығына қол сұғу.
«Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, полиция қызметкерлері өңір тұрғындарына «Таза Қазақстан» акциясы бір реттік іс-шара емес, өмір салты болуы тиіс екенін еске салады. Әрқайсымыз қоқысты жақын маңдағы жәшікке тастау арқылы заңға бағынатын ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімізді қоса аламыз.
Полиция департаменті тұрғындарды тазалық мәселесінде жауапкершілік танытуға шақырады.
Есіңізде болсын: тазалық — әрқайсымыздан басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1284120?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version