Жаңа оқу жылында Түркістан қаласындағы Қазыбек би атындағы №14 жалпы білім беретін мектептің оқушылары жаңа 540 орындық оқу корпусында білім алуды бастады.
1 қыркүйек – Білім күні қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мектепте өткен алғашқы қоңырау салтанатына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Мектептің алғашқы ғимараты 2000 жылы «Асар» әдісімен салынған. Соңғы жылдары оқушы санының 500-ден асуына байланысты қолданыстағы ғимараттың мүмкіндігі шектеулі болып, қосымша оқу орнына қажеттілік туындаған.
Жаңа ғимаратта химия, биология және физика кабинеттері, АКТ залы, кітапхана, спорт залы және асхана қарастырылған. Асхана бір мезетте 100 оқушыға қызмет көрсете алады.
Қала әкімі білім беру нысандарының инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.
Жалпы, жаңа оқу жылында Түркістан қаласындағы 84 мектепте 61 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оның ішінде 5505 бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1283971?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау