Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімдерінің қарауыл бастықтары арасында «Үздік қарауыл бастығы» байқауы өтті. Бұл – жай ғана жарыс емес. Бұл – төтенше жағдай кезінде адамдардың қауіпсіздігіне жауап беретін мамандардың білімі, тәжірибесі, көшбасшылық қабілеті, жедел шешім қабылдауы мен кәсіби дайындығын саралайтын маңызды байқау.
Қарауыл бастығы – өрт сөндіру бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырып, жеке құрамның қауіпсіздігі мен үйлесімді әрекетіне жауап беретін негізгі буындардың бірі. Сондықтан бұл мамандықта біліммен қатар батылдық, тәртіп, жауапкершілік және секундтармен өлшенетін дұрыс шешім аса маңызды.
Байқау қорытындысы бойынша: I орын – Еңбекші ауданы ТЖБ №2-ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Әлібек Сапарбекұлы Кнашов; II орын – Қаратау ауданы ТЖБ №10-ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Нұрсұлтан Баратұлы Жорабек; III орын – Қаратау ауданы ТЖБ №6-ӨСБ қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Ерлан Ғазизұлы Жүнісбеков.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Департамент бастығы, полковник Т. Мадиев құттықтап, марапаттады.
Ал, біз әріптестерімізді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы қызметтеріңізге сәттілік, мықты рух, кәсіби биіктер және жаңа жетістіктер тілейміз! Ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолындағы абыройлы қызметтеріңіз әрдайым жоғары бағалана берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1284078?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау