ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАУАПТЫ АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАУАПТЫ АЗАМАТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында «Жаңа халықтық Конституция құндылықтары негізінде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыру» тақырыбында панельдік секция отырысы өтті.
Аталған іс-шара барысында М. Қаналиев атындағы Алғабас МББК-нің тәлімгері, «Экоқорғаушылар» тобының жетекшісі Джумагазиев Нұрболат Серікұлы «Экологиялық тәрбиені ұлттық құндылықтармен ұштастыру: білім алушылардың экологиялық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасап, өзінің озық тәжірибесімен бөлісті.
Панельдік секцияның негізгі мақсаты – Жаңа халықтық Конституция құндылықтарын білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіне енгізудің тиімді тетіктерін талқылау, «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асырудың мазмұны мен әдістемесін біріздендіру, сондай-ақ өңірлердің озық тәжірибелерін тарату.
Өз баяндамасында Нұрболат Серікұлы экологиялық тәрбиені ұлттық құндылықтармен сабақтастыра отырып, білім алушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық мәдениетін қалыптастыру және азаматтық белсенділігін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар «Экоқорғаушылар» тобының жұмысы, экологиялық акциялар мен жобалар, табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар арқылы оқушылардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік, отансүйгіштік және табиғатқа жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру тәжірибесі таныстырылды.
Панельдік секция жұмысы барысында білім алушыларға экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдары талқыланып, ұлттық құндылықтар мен экологиялық мәдениетті ұштастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1284254?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version