Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы И. Аубакиров «Кожан» акционерлік қоғамының Бас директоры Zhang Wu (Чжан У) және «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрағасы С. Рахимовамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда ұжымдық шарт жасасудың маңыздылығы түсіндіріліп, оның еңбек қатынастарын реттеудегі, еңбек жағдайларын айқындаудағы, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту және еңбек қатынастарын тиімді реттеу мақсатында ұжымдық шарт жасасу бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптарға еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бағытында өзара іс-қимылды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1284262?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау