«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысы Әділет департаментінің қызметкерлеріне семинар өткізілді.
Семинар барысында азаматтардың өтініштерін қарау кезінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, өтініштердің түрлерін дұрыс саралау, оларды қарау мерзімдерін сақтау, өтініштер бойынша тыңдау рәсімін заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізу, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Департамент қызметкерлерінің әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1284412?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау