«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ЕҢБЕК МАУСЫМЫНЫҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ауданда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жазғы еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті.
 
Орталық алаңда ұйымдастырылған шараға ауданның белсенді жастары, “Жасыл Ел”еңбек жасақтарының мүшелері мен аудан тұрғындары қатысты.
 
Жазғы еңбек маусымы барысында жастар абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарына белсене атсалысып, туған өлкенің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Шара барысында ауданның қоғамдық өміріне белсенді араласып, еңбек маусымында жоғары белсенділік танытқан жастарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Алғыс хаттарды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлфайруз Төлегенова салтанатты түрде табыстады.
 
Кеш барысында жастарға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар әннен шашу шашты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-mahambet/press/news/details/1284331?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version