🔥 ЖОЛАМАН АУЫЛЫНДА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ!
Бүгін Жоламан ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды нысан – «Ауыл құтқарушысы» өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🎉 Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қабидолда Бақыткелді Бақытжанұлы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ел игілігіне берілуімен құттықтады.
📌 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды бағыттарының бірі. Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы Жоламан ауылы мен оған жақын орналасқан елді мекендерде төтенше жағдайлардың алдын алуға, өрт болған жағдайда жедел әрекет етуге және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
🚒 Енді жаңа бекет ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін сақтауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және қажет болған жағдайда жедел көмек көрсетуге өз үлесін қосады.
🤝 Жоламан ауылының тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймыз! Өрт сөндіру бекеті ел игілігі жолында нәтижелі қызмет етіп, ауылдың тыныштығы мен тұрғындардың амандығын қамтамасыз етсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak/press/news/details/1284616?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау