Жоспардан тыс тексеру жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті азаматша О.-ның өтініші негізінде «Қазпошта» АҚ Жамбыл облыстық филиалының Меркі, Жамбыл, Байзақ, Мойынқұм және Сарысу аудандарындағы пошта бөлімшелеріне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталды.

Нәтижесінде субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 865 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

📌 Нұсқаманың орындалуы Департамент тарапынан бақылауға алынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1284500?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version