Көктал ауылдық округінде Жетісу облыстық мәслихат депутаттары Р.Сакиова, М.Мұқатай, Панфилов аудандық мәслихат депутаттары Н.Тұрлыбеков, М.Нүптібековтің ауыл тұрғындарымен, Ақсақалдар қоғамдық кеңесі және Аналар қауымдастығы өкілдерімен ашық кездесуі өтті.
Кездесуде ауыл тұрғындарын алаңдатып отырған бірқатар маңызды мәселелер көтерілді.
Жол инфрақұрылымы.
Көктал ауылының кіреберісіндегі ұзындығы шамамен 2,5 шақырым болатын айналма жолдың жағдайын жақсарту және жөндеу қажеттігі айтылды. Аталған жолды ауыл тұрғындарымен қатар ауыл шаруашылығы техникалары мен жүк көліктері тұрақты пайдаланады.
Жол қозғалысының қауіпсіздігі.
Құрманғазы көшесі мен Жаркент–Арасан бағыты арасындағы жолда, әсіресе мектеп маңында, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Тұрғындар жол қозғалысын қайта ұйымдастырып, біржақты қозғалыс енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Абай атындағы орта мектеп.
Мектеп ғимаратының қазіргі жағдайына байланысты тұрғындар күрделі жөндеу жүргізу немесе жаңа мектеп салу қажеттігін көтерді. Осы бағытта қажетті құжаттарды әзірлеп, бюджеттік өтінім беру және облыстық бюджеттен қаржы қарастыру мәселесі депутаттардың қолдауына ұсынылды.
Көше жарығы.
Көктал ауылы мен Ақжазық ауылындағы Л.Асанова көшелеріне Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығына орай көше жарығын орнату жөнінде ұсыныс енгізу мәселесі көтерілді.
Кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдардың қарауына енгізу, мәселелердің шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға ақпарат беру жөнінде ұсыныстар қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1285244?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау