Бүгін Обаған жалпы білім беретін мектебінде жаңа 2026-2027 оқу жылына арналған салтанатты мереке өтті.
Мерекелік жиында ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар бас қосып, жаңа бастамалар мен армандарға жол ашты. Әсіресе, мектеп босағасын алғаш рет аттаған бүлдіршіндеріміз –
1-сынып оқушыларына ерекше құрмет көрсетіліп, ақ жол тіледік.
Оқушыларымызға – жаңа білім, толағай табыс және биік белестерді бағындыруды.
Ұстаздарымызға – сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс пен төзімділік.
Ата-аналарға – балаларының қуанышы мен жетістігін көруді тілейміз!
Жаңа оқу жылы баршамыз үшін жемісті де, жарқын сәттерге толы болсын!
Оқу-білімге ұмтылған ұрпақ – ел болашағы!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-obagan/press/news/details/1285112?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау