Биыл облыста 476 бірлік (465 трактор, 11 комбайн) ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, жаңару көрсеткішін 8,0%-ға жеткізу көзделген.
Бүгінгі күні 302 дана ауыл шаруашылығы (287 трактор, 15 комбайн) техникалары алынып, нәтижесінде техникалардың жаңару көрсеткіші 5,0% құрады. Алынған техникалардың 138 бірлігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке алынған.
Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау да жүзеге асырылып, техника алған агроқұрылымдар тарапынан түскен 436 өтінімге 3,8 млрд. теңге субсидия төленді.
Техникаларды жаңарту мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-auyl/press/news/details/1284704?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау