Екі отбасының құрамы мен бала саны бірдей болғанымен, олардың өмір сүру жағдайлары мен әл-ауқат деңгейі айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.
Мысалыға екі отбасын алайық: әр отбасында екі ересек адам және төрт бала бар. Сырттай қарағанда, олардың отбасы құрамы бірдей. Алайда отбасының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау кезінде оның құрамы мен бала санынан бөлек, тұрғын үй жағдайы, жұмыспен қамтылуы, табысы, мүлкі және басқа да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ескеріледі.
Дидардың отбасы өз қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақты жағдайға ие. Отбасының жеке баспанасы, тұрақты жұмысы, қосымша активтері немесе жеке кәсібі болуы мүмкін. Көрсеткіштердің жиынтығы бойынша мұндай жағдай «А» санатына сәйкес келуі және әлеуметтік қолдауға қажеттілік деңгейінің төмен екенін көрсетуі мүмкін.
Ерланның отбасы да екі ересек адамнан және төрт баладан тұрады. Алайда оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы өзгеше: отбасы шағын пәтерде тұрады, ересек мүшелері жалдамалы жұмыс істейді, отбасының мүлкі мен қаржылық ресурстары шектеулі. Жағдайды кешенді бағалау нәтижесінде мұндай көрсеткіштер «С» санатына сәйкес келуі және әлеуметтік қолдауға қажеттіліктің жоғарырақ екенін көрсетуі мүмкін.
Осылайша, отбасы мүшелерінің саны мен отбасы құрамы оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын толық сипаттайтын жалғыз көрсеткіш болып табылмайды.
Кешенді тәсіл отбасының өмір сүру жағдайын объективті көрсеткіштердің жиынтығы негізінде бағалауға және оның әлеуметтік қолдауға деген қажеттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Отбасының санаты қалай қалыптастырылады, қандай көрсеткіштер ескеріледі және мұндай тәсіл не үшін маңызды – толығырақ видеоматериалдан көріңіздер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1284764?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау