Семинарды Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының міндетін атқарушы Б.Сатканбаева ашты. Семинар барысында «Салауатты жұмыс орындары» жобасын жүзеге асырудың негізгі бағыттары, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және жұмыс орындарында қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Семинардың басты мақсаты- мамандардың кәсіби білімін жетілдіру, жобаны тиімді іске асыру бойынша тәжірибе алмасу және халықтың денсаулығын сақтауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1285190?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау