26 тамыз күні Ахмет Байтұрсынұлы музейінде «Заң – теңдік пен тәртіптің кепілі» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының өкілдері қатысты.
Семинар барысында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және заң алдындағы теңдік қағидаттарын нығайту мәселелері, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы арттырудың маңызы талқыланды.
Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және қоғамдағы әділдік пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1284780?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау