Ақмолалық жас таланттар халықаралық додада топ жарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында  «FIRST Robotics робототехника бойынша халықаралық біріншілігі 2026 FIRST Global Challenge Central Asia» ұлттық кезеңі өтті. Жарыс Қазақ ұлттық спорт университетінің базасында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 40-қа жуық команда, сондай-ақ Өзбекстаннан келген қонақ командалар қатысты.

Ұлттық кезеңді USTEM Foundation қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-білім беру орталығының, Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің, сондай-ақ Astana Motors құрамына кіретін OMODA & JAECOO брендінің қолдауымен ұйымдастырды.

 Ақмола облысынан іріктеу кезеңіне 17 оқушы қатысты:

– Кокшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының «SipiSix» командасы: Молдияр Абай, Озлу Дамирали, Ақай Али, Зәбір Аңсар.

– Щучинск қаласындағы «Білім-инновация» IT-лицей-интернатының «Celestial» командасы: Шалғынбекұлы Ұлағат, Каримжан Бадан, Алиби Амангелді, Кадралинова Амина, Сембай Ералы, Кошкер Айгул, Шортаева Асылжан, Суюнбеков Алдияр.

– Iqanat High School of Burabay мектебінің «Red Lotus» командасы: Байдалы Қасымхан, Шакен Темірхан, Есенбаев Ерасыл, Чиханцов Илья, Тоқтамыс Асылай.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қатысушылардың алдында аса маңызды міндет тұрды. Жас әзірлеушілер орман өрттерінің алдын алу, олардың салдарын барынша азайту және зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру бойынша инжеренлік-технологиялық шемімдер әзірледі.

Чемпионаттың білім беру бағытындағы маңызы да ерекше. 2026 жылы FIRST Global Challenge халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының тізбесіне енгізілді. Оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері «бакалавриат» санаты бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткер бола алады.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «SipiSix» командасы Engineering Documentation Award Winner марапатына ие болып, қола медальдарды жеңіп алды. Ал «Celestial» командасы Engineering Documentation Award Winner номинациясында жеңіпаз атанды.

«Red Lotus» командасы альянс капитаны ретінде финалист атанып, басқа командаларға көрсеткен ерекше көмегі мен ынтымақтастығы үшін Outstanding Support Winner Award марапатына ие болды. Сонымен қатар Шакен Темірхан «Certificate of Completion» ие болды.

Бүгінде робототехника заманауи білім берудің маңызды бағыттарының біріне айналып келеді. Ал «SipiSix», «Celestial» және «Red Lotus» командаларының жетістіктері Ақмола облысының жас инженерлерінің білімі мен таланты бар екенін, ең бастысы — адамдарға және қоршаған ортаға пайда әкелетін технологияларды жасауға деген ынтасы жоғары екенін көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1285032?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version