«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Ақтау қаласында кәсіпкерлік нысандардың санитарлық тазалық талаптарын сақтауына кезекті мониторинг жүргізілді.
Бұған дейін жүргізілген алғашқы мониторинг барысында кәсіпкерлік нысандардың иелеріне аумақтарды таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару бойынша ескертулер беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.
– Бүгін бірқатар кәсіпкерлік нысандарға қайта аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кәсіпкерлік нысандардың «Zero West Aktau» ЖШС-мен тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша келісімшарт жасасқаны анықталды, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің инспекторы Ардақ Мееров.
Мониторинг жұмыстары қала аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау мақсатында тұрақты түрде жалғасын табады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1285405?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау