1 қыркүйек күні «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасының жеті басым бағытын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына сәйкес, «Зерделі ұлт» бастамасы аясында «Ардагер сыйға тартқан кітап» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараға ақын, бірнеше туындының авторы, Ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Маймақов Айболат Тілеубайұлы қатысты.
Акция барысында ардагер тағылымы мол туындыларын басқарманың жас мамандарына сыйға тартты. Игі бастаманың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, жастардың рухани-танымдық көкжиегін кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Ардагерлер сыйға тартқан әрбір кітап – өмірлік тәжірибе мен тағылымды тарихты кейінгі буынға жеткізетін құнды мұра. Мұндай бастамалар жастарды кітап оқуға баулып қана қоймай, аға буынның өнегелі жолын насихаттауға және рухани сабақтастықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1284802?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау