Ақтаудан Астанаға келген туристің сапары келеңсіз жағдайға ұласа жаздады. Әйел елордаға ұшып келіп, қала аралауға шыққан. Сағат 10:00 шамасында «Бәйтерек» монументі маңында құжаттары, бағалы заттары мен ақшасы салынған сөмкесін жоғалтып алған.
Турист сөмкесінің жоғалғанын Астанадан шығып, басқа қалаға барғаннан кейін бір-ақ байқаған. Сөмкені өз бетінше табу қиын болатынын түсінген әйел «102» арнасына хабарласып, көмек сұраған.
Астана қаласының туристік полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарына жедел кірісті. Полицейлер жоғалған сөмкенің орналасқан жерін анықтап, оны иесіне қайтаруды ұйымдастырды.
Турист үшін бұл оқиға полиция қызметкерлеріне алғыс айтуға себеп болды. Әйел ризашылығының белгісі ретінде бейнеүндеу жазып, полицейлерге жеделдігі, мұқияттылығы және көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
Бұл оқиға туристік полиция қызметінің туристік орындардағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен ғана шектелмейтінін көрсетеді. Күтпеген жағдайға тап болған елорда қонақтары да полиция қызметкерлерінің көмегі мен қолдауына жүгіне алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1285158?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау