Атырау облыстық филармониясына жаңа автобус сыйға берілді
«Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ демеушілігімен Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының ұжымына жаңа автобус берілді.
Салтанатты шарада КҚК Бас директорының Қазақстан Республикасы Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин филармония ұжымына автобустың кілтін табыстады.
Алдағы уақытта 50 орындық Yutong ZK6128H автобусы өнерпаздардың облыс аумағындағы және еліміздің өзге өңірлеріндегі гастрольдік сапарларында пайдаланылмақ.
Биыл 60 жылдық мерейтойын атап өтіп отырған филармонияға көрсетілген бұл қолдау шығармашылық ұжымдардың жұмысын одан әрі жандандыра бермек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1285164?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау