Ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні аудан әкімі Нұрлыбек Жасқайратұлының төрағалығымен кезекті лездемелік кеңес өтті.
Кеңестің күн тәртібінде қазіргі таңда өзекті екі мәселе қаралды:
- Күзгі әскери шақыру науқанының барысы туралы
Хабарламашы: аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Мақсот Сүндетұлы Құрамшин.
- 2026-2027 жаңа оқу жылының басталу барысы туралы
Хабарламашы: аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Жігерқызы Омарова.
Сонымен қатар, кеңес барысында бірқатар ағымдағы мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауға алу жөнінде нақты міндеттер жүктелді. Кеңес қорытындысы бойынша хаттама рәсімделді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1285193?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау