Белградта қазақ-серб экономикалық ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Белград, 2026 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Сербия Республикасының Халықаралық экономикалық ынтымақтастық министрі Ненад Поповичпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының Сербияға
2024 жылғы 18-19 қарашадағы ресми сапары және Сербия Президенті А.Вучичтің 2026 жылғы 26-27 ақпанда Астанаға жасаған сапары қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Министр Н.Попович Қазақстан басшылығын Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, сондай-ақ, Сербия басшылығының жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыруға берік бейілділігін атап өтті. Сонымен қатар, ол көлік, құрылыс, жасанды интеллект, цифрландыру және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларына ерекше тоқталды.

Елші Қазақстан тарапының ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм және денсаулық сақтау салаларындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлармен алмасты. Бұл жоспарлар қазақ-серб қатынастарының одан әрі дамуына жаңа серпін беруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1285449?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version