Білім күніне орай Біржан сал ауданының прокуроры Ануар Құлышев Степняк қаласының №1 орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысты.
Аудан прокуроры оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушыларға білім алуда табыс, жаңа жетістіктер, айналасындағыларға құрметпен қарап, өз болашағына жауапкершілікпен қарауды тіледі.
Сондай-ақ осы күні жоғары сынып оқушыларымен «Прокурор сағаты» профилактикалық акциясы өткізілді.
Кездесу барысында ашық диалог форматында буллингке қарсы іс-қимыл, жол қозғалысы ережелерін сақтау, моральдық-этикалық мінез-құлық нормалары, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанудың маңыздылығы талқыланды.
Жастардың құқықтық мәдениеті мен жеке жауапкершілігін қалыптастыруға, сондай-ақ «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеясы аясында қоршаған орта мен қоғамдық кеңістікке ұқыпты қарауға ерекше назар аударылды.
Оқушыларға заңды, айналасындағы адамдарды және өз елін құрметтеу әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатыны түсіндірілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1285271?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау