Бүгін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Арман Исмаилов төрағалығымен Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырысқа Қостанай қаласы әкімінің орынбасары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрғали Әсем, Қостанай облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті басшысының міндетін атқарушы Ділдәбекова Гүлмира қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 204 «Қостанай қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Азық-түлік және шаруашылық тауарларына баға мониторингі туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 10 қаңтардағы №181 «Қостанай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қостанай қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Турлубекова Наталья өз баяндамасында қалалық бюджетті нақтылау бюджет қаражатының үнемделуіне байланысты бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша ақшалай қаражаттың азаюына байланысты қажет екенін түсіндірді.

Депутаттар бірауыздан қабылданған шешіммен қала бюджетіне ұсынылған өзгерістер мен нақтылауларды қолдады және жобаны Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізді.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша ақпарат назарға алынды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі депутаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен Қостанай қалалық мәслихатының сессиясына бекітуге енгізілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1285241?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version