Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық майнинг саласында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге цифрлық майнинг үшін төлем бойынша салық міндеттемелерін уақтылы және толық орындау қажеттігін еске салады.
Салық міндеттемелерінің толық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Комитет тоқсан сайын цифрлық майнинг үшін төлем сомасын төмендету фактілерін анықтауға бағытталған камералдық бақылау жүргізеді.
Қазіргі уақытта Комитет 2026 жылдың I тоқсаны бойынша камералдық бақылау жүргізуде.
Камералдық бақылау шеңберінде салық есептілігінің мәліметтері электрондық шот-фактуралар деректерімен салыстырылады.
Цифрлық майнинг үшін төлем сомасының ықтимал төмендетілгенін көрсететін алшақтықтар анықталған жағдайда салық төлеушілерге камералдық бақылау бойынша тиісті хабарламалар жіберіледі.
Осыған байланысты Комитет салық төлеушілерге цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру кезінде пайдаланылған электр энергиясы көлемдерінің толық көрсетілуін, тиісті төлем мөлшерлемесінің дұрыс қолданылуын және салық есептілігінде көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын өз бетінше тексеруді ұсынады.
Алшақтықтар анықталған жағдайда салық төлеушілерге тиісті салық есептілігін ұсыну және салық міндеттемелерін белгіленген тәртіппен орындау арқылы оларды уақтылы жою жөнінде шаралар қабылдау ұсынылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1285140?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау