Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары Ақмола облысы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының отырысына қатысты.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның төрағалығымен өткен отырыста өндірістік және инвестициялық жобаларды іске асыруға, оның ішінде пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жер учаскелерін беру мәселелері қаралды.
Отырыстың жұмысына облыстық мәслихат депутаттары да қатысты. Депутаттардың жер мәселелерін қарау процесіне қатысуы шешімдердің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, халықтың мүддесін ескеруге және өңірдің жер ресурстарын тиімді пайдалануға ықпал етеді.
Айта кетейік, Жер комиссиясының құрамына депутаттар: Әбілқайыр Ошақбаев, Ғалымхан Саханов, Анар Аяпбергенова, Бекім Әкімов, Айдын Төребаев, Руслан Шамкенов, Абай Жорабек және Умар Шоназаров кіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1285049?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау