Екібастұз қаласының ауылдық аймағына қарасты Атығай ауылында 120 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осыдан екі жыл бұрын жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асайын Байханов ауыл балаларының білім алу жағдайымен жеке танысқан болатын. Ол кезде мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан еді. Оқу кабинеттері жетіспей, спорт және мәжіліс залдары болмаған, ал асхана кабинеттердің бірінде жабдықталған болатын.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа мектептің құрылысы жобасы әзірленді. Бүгінде оқушылар үшін білім алуға, шығармашылықпен айналысуға және спортпен шұғылдануға заманауи әрі жайлы жағдай жасалды. Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын ғимаратта кең оқу кабинеттері, мәжіліс және спорт залдары, хореография кабинеті мен күрес залы орналасқан. Мектеп аумағында футбол, баскетбол алаңдары және воркаут аймағы жабдықталған.

Жоба KAZ Minerals Bozshakol компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды. Компания мектеп құрылысына шамамен 1,5 млрд теңге инвестиция салды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әр бала, оның қалада немесе ауылда тұратынына қарамастан сапалы білім алу керектігін бірнеше рет атап өтті. Бұл – біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Атығайдағы жаңа мектеп – балаларымызға тең мүмкіндік қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Мұнда білім алуға ғана емес, спортпен шұғылдануға, шығармашылықпен айналысуға және жан-жақты дамуға барлық жағдай жасалған. Бұл – жай ғана әлеуметтік инфрақұрылымға салынған инвестиция емес, балаларымыздың, ауылдың және еліміздің болашағына салынған инвестиция. Жаңа мектеп білімді, талантты әрі ел дамуына үлес қосатын азаматтар тәрбиеленетін маңызды білім ордасына айналады деп сенемін, – деді Асайын Байханов.

Жобаны іске асырудың маңызды нәтижелерінің бірі – мектепке дейінгі білім беру мәселесінің де шешілуі. Бұрынғы мектеп ғимараты балабақша ретінде қайта бейімделіп, мектепке дейінгі білім беру орындарының санын арттыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, жаңа мектептің ашылуы Атығай ауылының дамуына жаңа серпін береді. Мектеп оқушылары үшін заманауи мүмкіндіктердің, ал мектеп жасына дейінгі балалар үшін қосымша орындардың ашылуы ауылдың болашағын қалыптастыруға маңызды негіз болады.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1285041?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version