Электр желілері жаңартылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету — біздің басты міндеттеріміздің бірі. Осы бағытта облыс әкімі А. Байхановтың қолдауымен ауданымызда электр желілерін құру мен жаңартуға арналған 2 ірі жоба іске асырылуда. Оның бірі Ақсаң ауылдық округі болса, екіншісі Баянауыл ауылында. Жалпы 55 шақырым желі толығымен ауыстырылады. Мердігер ұйым: «Ramboll Corp» ЖШС.

Аудан әкімі А. Ксентаев Ақсаң, Жалғызқайың және Қаражар ауылдарындағы электр желілерін модернизациялау және құрылыс жұмыстарының барысын арнайы барып, бақылап қайтты.

Осы уақытқа дейін Ақсан ауылдық округінде жеке қосалқы станция болмағандықтан, электр энергиясы Баянауылдан 52 шақырымдық желі арқылы жеткізіліп келді. Соның салдарынан желілердің тозығы жетіп, халық жылдар бойы кернеудің төмендігі мен жарықтың жиі өшуінен зардап шегіп келгені жасырын емес. Бұл түйткілді мәселе осы жылы түбегейлі шешімін таппақ.

Жоба аясында Қаражар ауылында — 5 КТП, Ақсанда — 5 КТП, Жалғызқайыңда — 3 КТП және Маяжон фермасында — 1 КТП, барлығы 14 жаңа КТП орнатылады.

Нысандағы құрылыс жұмыстары жүйелі жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жер жұмыстары аяқталып, тұғырлар (тумбалар) орнатылуда, келесі кезеңде бағандар (опоралар) бой көтереді. Ең бастысы — жобаға қажетті барлық құрылыс материалдары нысанға толық жеткізілуде.

Ал, Баянауыл ауылында 26 КТП орнатылып, 220 метр желі жаңарады.

Аталған 2 жобаны жыл соңына дейін аяқтау мердігерге міндеттелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1285034?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version